06.06.17

2017 жылғы 29 мамырдағы № 74 қаладағы ағымдағы жағдай туралы хаттаманың тапсырмасы бойынша

Балаларды қорғау күнін мерекелеу шеңберінде, басшылықтың және «Астана қаласының Коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ (бұдан әрі - Басқарма) қызметкерлерінің күшімен ағымдағы жылдың 1 маусымында Астана қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» МКК балаларына велосипедтер және 10 дана балалар машинкалары сатып алынды және сыйлыққа тартылды (суреттер қоса жолданады).

 

Сондай-ақ, Басқарма басшылығымен тірек-қозғалыс аппараты бұзылған және психоневрологиялық патологиясы бар бес отбасына әлеуметтік көмек көрсетілді, ағымдағы жылдың 2 маусымында мүгедек балаларға ойыншықтар және өндірістік пакеттер сыйға тартылды, оның ішінде екеуі көп балалы отбасы (төрт балалары бар) (суреттер қоса жолданады).