02.03.17

Елордада су тасқынының алдын алуға бағытталған жалпықалалық сенбілік өтеді

Көктемгі су тасқынын болдырмау және үйлердің аумағын жинау мақсатында Астана әкімдігінің қолдауымен «Астана Тазалық» ЖШС бастамасымен «Көктемгі Астана» жалпықалалық сенбілігін өткізу жоспарланған.

Сенбілік екі күнге жалғасады, басталуы сағат 9.00-да, аяқталуы - 20.00-де. Шара 2 кезеңнен тұрады: 1-кезеңде елорда тұрғындарының қатысуымен аумақтағы қар жиналып, шығаруға дайындалады, 2-кезең – қарды елорданың қар полигондарына шығару.

Астана қаласының әкімдігімен қар тиеу және шығару жұмыстарына 180 бірлік техника тартылады, соның ішінде 30-ы – тиегіш, 150-і – қар шығаратын машина.

Шараға ЖОО-лардан 600 студент тартылады. Олар жалғыз тұратын зейнеткерлердің, ардагерлердің, мүмкіндігі шектеулі жандардың, жалғызбасты аналардың, яғни көмекке мұқтаж жандардың үйлерінің ауласындағы қарды жинауға көмектеседі.

Мұнымен қоса, аумақты қолмен және механикаландырылған жинау жұмыстарымен айналысатын мердігерлік ұйымдар да акцияға қатысады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, қалада тұрғындар өз көліктерін қоятындықтан, орамішілік аумақты жинау қиынға соғады, қар жинау жұмыстарына кедергі жасайды. Сондықтан ПИК пен қызмет көрсету ұйымдарының жұмысын белсендіру қажет. Тұрғындар барлық керек-жарақтармен қамтамасыз етіледі.

«Тұрғындарды сенбілікке қатысуға шақырамыз. Басты міндет – аулаларды тазарту. Осыған байланысты әкімдікпен тұрғындарды қар жинау қажеттілі туралы ескерту жұмыстары тұрақты түрде жүргізіледі, арнайы техниканың жұмыс істеу кестесі ілінеді. Бірақ тұрғындардың 20% ғана осы хабарламаларға жауап қайтарады. Тиегіш техниканың кедергісіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету қажет», - деп атап өтті «Сарыарқа» ауданы әкімінің орынбасары Ришат Тұрдыбеков.