02.03.17

Бүгінгі күні елорда әкімдігі қала аумағында көктемгі қар суын ұйымдастырылған түрде өткізу бойынша шаралардың кешенді жоспарын іске асыруда, оған сәйкес су басуы мүмкін 37 әлеуетті учаске анықталды. Оның әрқайсысы бойынша жұмыстардың түрі, қажет материалд

Бүгінгі күні елорда әкімдігі қала аумағында көктемгі қар суын ұйымдастырылған түрде өткізу бойынша шаралардың кешенді жоспарын іске асыруда, оған сәйкес су басуы мүмкін 37 әлеуетті учаске анықталды. Оның әрқайсысы бойынша жұмыстардың түрі, қажет материалдың мөлшері, қаржыландыру көлемі, жауапты орындаушылар белгіленді.

 

Қаланың барлық тұрғын алаптары ескерілді: Ильинка, Өндіріс, Көктал, Железнодорожный, Пригородный, Оңтүстік-Шығы және т.б. Жаңа теміржол вокзалының, әйежайдың және газ аппаратурасы зауытының аумақтарына айрықша назар аударылған. Сонымен бірге, су тасқындары бойынша штабтын апта сайынғы отырыстарында барлық шаралардың орындалуы қаралады, оқиға орнына шығу да ұйымдастырылады.

Кешенді жоспарды іске асыру шеңберінде қала билігі елорданың бес негізгі нысанын белгіледі. Солардың бірі жаңа теміржол вокзалының ауданы, онда қажет болса, арна құрылысы шеңберінде салынған екі технологиялық өткел бұзылады. Сондай-ақ, қар суының өту жолын ұлғайту мақсатында су өткізу каналын кеңейту қарастырылған.

Екінші маңызды міндет «Майдалық көлі - «Нұра-Есіл» каналы» су бұру каналын кеңейту болып табылады, оның аумағы Мемлекет басшысының 2017 жылғы 6 ақпандағы №418 Жарлығымен қала шекарасына енген.

Қазіргі сәтте каналдың ені екі метрге жуық. Әуежайдың ұшып-қону жолағын су басу қаупіне байланысты каналды үш метрге дейін кеңейтіп, ұзындығы 5,4 жағасын бекіту жоспарланған.

Сондай-ақ, Кіші Талдыкөл көлінің ауданында бөгеттерді бекіту жұмыстары жүргізіледі, онда учаскелердің топографиялық түсірілімі жүргізіліп, қажет жұмыстардың түрі мен көлемі анықталып, жауапты мемлекеттік органдар мен құрылыс компаниялары белгіленді.

Сонымен қатар, Ильинка тұрғын алабында су тасқынына қарсы шаралар күшейтілді, онда қазіргі бөгет күшейтіліп, «Қараөткел» подстанциясынан «Сектор-2» учаскесіне дейін кабель каналы жабылады. Аталған учаскелерде де жауапты мемлекеттік органдар мен құрылыс компаниялары бекітілді.

Газ аппаратурасы зауытының ауданында «Есіл» өзенінің арнасын кеңейту басымдықты міндеттердің бірі болып табылады. Аталған учаскені және жақын маңдағы саяжай алаптарын жыл сайын су басып қалады. ТЖ болдырмау мақсатында аталған жерде де кешенді шаралар атқарылуда.

«Астана-Тазалық» компаниясының мәліметінше, 2015-2016 жж. (қазан-наурыз) қала аумағынан 2,9 млн м³ қар шығарылған. Салыстыратын болсақ, 2016-2017 жж. (қазан - ақпан) 4,3 млн м³ қар жиналды.

Қазіргі уақытта әкімдік тұрғын алаптарының, әлеуметтік-мәдени нысандардың, қонақ үй кешендерінің, құрылыс, кәсіпкерлік нысандарының аумақтарынан қарды жаппай шығару шараларын қолға алған.