Құрылымы


Басқарманың құрылымы

Астана қаласының Коммуналдық шаруашылық басқармасының құрылымына 6 бөлім кіреді.

Инфрақұрылымды дамыту бөлімі қаланы абаттандыру мен инженерлік инфрақұрылымның болашақ және ағымды жоспарларын (күрделі салымдарды, күрделі жөндеу жұмыстарды, материалдық-техникалық қамтамасыздау) әзірлейді және іске асырады; келісімшарттар мен шарттарды жасасуда техникалық-экономикалық дәйектеме мен есептемелерді әзірлеуге қатысады; жұмыстардың жүргізілуіне қатысатын ұйымдар мен мекемелердің бұйрықтарды, шарттарды, тапсырмалар мен жоспарлардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады; инфрақұрылым объектілерін дамыту бойынша жүргізілетін жұмыстардың мерзімде және сапалы орындалуына мониторинг жүргізуге; өз құзыреті шегінде тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстарға, құрылысы аяқталған объектілер бойынша жұмыс және қабылдау комиссияларына қатысады; құрылыспен аяқталған объектілерге тапсыруды және пайдалануға енгізуді ұйымдастырады.

Сумен қамту және суды тарту бөлімі стратегиялық ағымды және болашақты жоспарлар бағдарламаларын – сумен қамту және суды тартуды дамыту болжамдарын әзірлеуді жүзеге асырады; сумен қамту және суды тарту объектілерінің құрылысы бойынша мониторинг; аяқталған объектілерді пайдаланушы ұйымдар дың балансына тапсыру үшін қажетті құжаттарды рәсімдеу және тапсыру; құрылыс алаңдарына кіруді қамтамасыз ету, рұқсат беруші құжаттарды, құрылыс салуға рұқсатты уақытылы ұсыну, құрылыс объектілері бойынша есептерді әзірлеу; келісімшарт бойынша міндеттемелерді орындамаған жағдайда мердігерлерге наразылық білдіру үшін материалдарды әзірлеуге қатысады; жұмыс және мемлекеттік комиссиялар құрамына қатысады, мемлекеттік және жұмыс комиссияларын құру туралы бұйрықтарды, қабылдау комиссияларына ұсыну үшін аяқталған объектілер бойынша техникалық құжаттамаларды, орындаушы құжаттарды, жасырын және аралық жұмыстарды қабылдау актілерін, объектілерді қабылдау актілерін әзірлеуге және ресімдеуге қатысады; пайдаланушы ұйымдардың балансына аяқталған объектілерді тапсыру бойынша құжаттарды ресімдеуде, тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық комиссияға өз құзыреті шегінде қатысады.

Қаржы және жоспарлау бөлімі бөлінген қаражаттың уақытылы игерілуін және олардың мақсатты пайдаланылуын есепке алуды және бақылауды жүзеге асырады; статистикалық және өзге де есептемелерді құрайды; түсетін ақшалай қаражатты, тауарлық-материалдық құндылықтар мен негізгі қаражаттарды есепке алады, сонымен бірге олардың қозғалуы жөніндегі операцияларды бухгалтерлік есепте көрсетеді; Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық даму бойынша орта мерзімді жоспарларды әзірлеуде және жүзеге асыруға қатысады; бюджеттік өтінімдерді жасауды; мемлекеттік тапсырысқа шарттарды ресімдеуге, аяқталған құрылыс объектілерін пайдалануға тапсыру құжаттарын әзірлеуге қатысады; заңды және жеке тұлғалармен сметаларды орындау үдерісінде пайда болатын есептеулерді уақытылы жүргізеді; мекеменің аппаратын ұстау жөніндегі шығындар сметасын құрастыру және басшылықпен келіседі; бюджет бойынша бекітілген шығындар сметалары бойынша белгіленген тәртіппен өзгерістер мен толықтырулар ескеріліп, қаражатты ашық лимиттерге және олардың мақсатты тағайындалуына сәйкес тиімді жұмсалуына бақылау жүргізеді; Басқарманы материалдық-техникалық жабдықтау.

Заң бөлімі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларының жетекшілік ететін салаларға қатысты орындалуына бақылау жүргізеді; сотта мемлекеттік мекеменің мүддесін білдіреді; Басқармамен өткізілетін мемлекеттік сатып алуға мониторинг жүргізеді; «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алудың жүргізілуін ұйымдастырады; бұйрық жобаларына, нұсқамаларға, ережелерге және өзге де құқықтық сипатты актілерге құқықтық сараптама жүргізеді, қала Әкімінің жетекшілік етуші сала бойынша тапсырмалары мен алқалық шешімдерді әзірлеуге және олардың ары қарай жүзеге асыруға қатысады.

 

Ішкі бақылау бөлімі Басқарманың қызметтерінің бағыттары бойынша оның жұмысының сапасы мен өнімділігін арттыру мақсатында ішкі бақылауды іске асырады; Басқармада және оның жетекшілігіндегі ұйымдарда басқару жүйелерінің жұмыс істеуіне бағалауды жүргізеді және Басшыға оның жұмысын жақсарту жөніндегі ұсыныстарды ұсынады; Басқармамен және оның жетекшілігіндегі ұйымдармен Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнамаларды ұстануына тексеру жүргізуге; Басқарманың стратегиялық және операциялық жоспарлардың іске асуын бақылау және нәтижелеріне баға беруді жүргізеді; Басқармамен және оның жетекшілігіндегі ұйымдармен тіркеу мен есептеменің дұрыс және нақты түрде жүргізілуін бақылайды; Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес республикалық бюджет қаражатын пайдалану кезінде бұзушылықтарды анықтау, болдырмау және алдын-алу бойынша шараларды қолданады; бақылау объектілеріне жолданатын ұсынымдарды және бақылау нәтижелері бойынша қабылданған шешімдердің орындалуына бақылауды жүзеге асырады.

Персоналды басқару қызметі мемлекеттік органның персоналын басқару жүйесінің тұтастығын жүзеге асырады; мемлекеттік органның персоналын басқару стратегиясын әзірлейді және жүзеге асырады; мемлекеттік органның кадрларға қажеттілігіне талдау және жоспарлау, сонымен бірге мамандықтар мен санаттар бойынша; мемлекеттік органның кадрлық құрамын құру және конкурстық іріктеуді ұйымдастырады; мемлекеттік органның кадрларына мониторинг кадрлық іс жүргізуді жүргізеді; мемлекеттік органның персоналын басқару жүйесінің тұтастығы шеңберінде мемлекеттік қызметті атқаруды қамтамасыз етеді; мемлекеттік органда кәсіби бейімделуді және тәлімгерлікті ұйымдастыру; мемлекеттік орган кадрларының кәсіби дамуын қамтамасыз етеді, сонымен бірге қайта даярлауды, біліктілігін арттыруды, тағылымдаманы ұйымдастыру жолымен; кадрлық сұрақтар бойынша конкурстық, аттестаттау, тәртіптік және өзге комиссиялар қызметін ұйымдастырады және қамтамасыз етеді; мемлекеттік қызметке орналасу, атқару және тоқтату тәртібінің сақталуын қамтамасыз ету; мемлекеттік қызметкерлердің қызметіне бағалауды жүргізуді, оларды аттестаттау рәсімі сақталуын ұйымдастырады; мемлекеттік органда еңбек заңнамасын және мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың орындалуын, еңбек жағдайы мен тәртібінің сақталуын, сондай-ақ мемлекеттік қызметті атқаруға байланысты шектеуді қамтамасыз етеді; мемлекеттік қызметкерлердің әлеуметтік және құқықтық қорғалуын қамтамасыз етеді, мемлекеттік органның басшысына оларды көтермелеу және уәждеме бойынша ұсыныстарды енгізеді; мемлекеттік органда корпоративті мәдениеттің құралуын және орайлы әлеуметтік-психологиялық жұмыс климатын қамтамасыз етеді.