Астана қаласы әкімдігінің «Астана қаласының Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ кейбір мәселелері туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 6 қарашадағы № 28-1036қ қаулысына өзгеріс енгізу туралы қаулысына қосымша ПРОЕКТІ



Астана қаласы әкімдігінің  

2011 жылғы «___»_______

________ қаулысына  

қосымша 

 

 «Астана қаласының Энергетика және коммуналдық

шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы

ЕРЕЖЕ

 

1. Жалпы ережелер

 1. «Астана қаласының Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, Астана қаласының аумағында энергетика, коммуналдық шаруашылық пен абаттандыру саласында жергілікті мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асыруға қала әкімдігі уәкілеттік берген атқарушы орган болып табылады.

2. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Қазақстан Республикасының заңдарына, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, Астана қаласы әкімі мен әкімдігінің (бұдан әрі - әкімдік) актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

Осы Ережеге өзгерістер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімдік енгізуі мүмкін.

3. Басқарманың құрылымы мен шектеулі штат санын әкімдік бекітеді.

4. Басқарма азаматтық – құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

5. Басқарма мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қызынашылық органдарында шоттары болады.

6. Әкімдік Басқарманың құрылтайшысы болып табылады.

7. Басқарманың толық атауы: «Астана қаласының Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі.

8. Басқарманың қысқаша атауы: «Астана қаласының Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ.

9. Басқарманың заңды мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Бейбітшілік көшесі, 11-үй.

 

2.  Басқарманың негізгі мақсаттары, функциялары, құқықтары

мен міндеттері

 

  1. Басқарманың негізгі мақсаттары су, газ шаруашылығы, абаттандыру, энергетика салаларында реттеу және мемлекеттік басқару.

11.  Басқарманың негізгі функциялары: 

1)    бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын Астана қаласының қалалық коммуналдық меншік объектілерін (саябақтар, шағынгүлбақтар, сыртқы жарықтандыру, инженерлік коммуникация желілері, энергетика, сумен жабдықтау мен су қашыртқы, газ шаруашылығы объектілері және т.б.) салу және қайта жаңарту бойынша тапсырыс берушінің  функцияларын жүзеге асыру;

2)    бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын Астана қаласының саябақтар, шағынгүлбақтар, сыртқы жарықтандыру, инженерлік коммуникация желілері, энергетика, су, газ шаруашылығы объектілерін салу мақсатында мемлекеттік қажеттілік үшін алынуға байланысты жылжымайтын мүлік объектілерін бұзумен тапсырыс берушінің жер учаскелерін босату жөніндегі функцияларын жүзеге асыру;

3)    абаттандыру және инженерлік желілер объектіліріне қатысты, объектілер бойынша жобалау құжаттамаларын қарау және келісу;

4)    жергілікті бюджет қаражаты мен басқа да көздер есебінен қаржыландырылатын саябақтар, шағынгүлбақтар, сыртқы жарықтандыру, инженерлік коммуникация желілері, орамішілік абаттандыру, энергетика, су, газ шаруашылығы объектілерін жобалау және салу кезінде ескертулер мен ұсыныстар енгізу;

5)    мердігерлердің шарттық міндеттемелердің орындалуын бақылау, саябақтар, шағынгүлбақтар, сыртқы жарықтандыру, инженерлік коммуникация желілері, энергетика, су мен жабдықтау және су бұру, газ шаруашылығы объектілерін салу және қайта жаңарту кезінде техникалық қадағалауды жүзеге асыру  үшін заңнамаға сәйкес инжинирингтік қызметтерді жұмылдыру;

6)    салынған, қайта жаңартылған энергетика, сумен жабдықтау және су бұру, газ шаруашылығы объектілерін, инженерлік коммуникация желілерін, сыртқы жарықтандыруды, саябақтар, шағынгүлбақтарды қолдануға қабылдау бойынша қабылдау комиссиясының жұмыстарын ұйымдастыру;

7)    уәкілетті органның қайтару негізінде бөлген қаражатты есепке алуды және қайтаруды қамтамасыз ету;

8)    Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру, азаматтардан келіп түскен ұсыныстар мен өтініштерді қарау, олар бойынша шешім қабылдау;

9)    Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша шетелдік және халықаралық ұйымдармен өзара қарым-қатынасты және ынтымақтасты ұйымдастыру;

10)    Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғаларға әдістемелік және басқа да көмек көрсету;

11)    энергетика және инженерлік инфрақұрылым саласында әкімдіктің әрекет ету бағдарламаларын әзірлеу, олардың іске асырылуын бақылау;

12)    энергетика және инженерлік инфрақұрылым саласында өңірлік ғылыми-техникалық саясатты әзірлеу және іске асыру;

13)    инженерлік зерттеулер, жобалау, құрылыс, қайта жаңарту, қалпына келтіру, ұйымдастыру және инженерлік инфрақұрылымды күрделі жөндеу саласында нормативтік актілерді әзірлеуге қатысу;

14)    Қазақстан Республикасының үкіметтік кепілдігі негізінде берілген сыртқы заемдер және басқа көздер, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын объектілерді жобалауға, салуға және қайта жаңартуға конкурсты ұйымдастыру және өткізуге қатысу;

15)    инвестициялық бағдарламалар мен жобалар, сондай – ақ Астана қаласының әлеуметтік – экономикалық даму стратегиясын іске асыру бойынша жылдық жоспарды әзірлеуге қатысу;

16)    су құбырларын, тазарту құрылғыларын, электр беру желілерін, байланыс және Астана қаласының көлік және инженерлік инфрақұрылымның басқа да объектілерін заңнамамен бекітілген тәртіпте құрылыс – монтаж жұмыстарын өткізуге құқығы бар заңды және жеке тұлғаларды тарту жолымен салуды ұйымдастыру;

17)    Астана қаласының энергетика кешенін және инженерлік инфрақұрылымын стратегиялық дамыту бағдарламасын әзірлеу, тиімділігі жоғары технологияларды ендіруге бағытталған энергетика кешенінде және инженерлік инфрақұрылымындағы бірыңғай ғылыми – техникалық саясатты іске асыру бойынша әзірлеуге қатысу;

18)    энергетика кешені мен инженерлік инфрақұрылымды дамытудың ағымдағы және перспективалық жоспар-болжамын әзірлеуді ұйымдастыру;

19)    Астана қаласының энергия үнемдеу саласындағы мемлекеттік саясатын іске асыру;

20)    электрэнергия нарығының қызметін бақылау және талдау.

21)    жылыту маусымына дайындалу және өткізу бойынша іс-шараларды өткізуге бақылауды жүзеге асыру;

22)    энергиямен қамту объектілерін күз – қыс мезгілі кезінде жұмысқа уақтылы дайындауды бақылауды жүзеге асыру;

23)    Астана қаласының энергокешенін және инженерлік инфрақұрылымын болашақта дамытуды жоспарлауды;

24)    Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне және басқа да мемлекеттік органдарға есеп беруді ұйымдастыру;

25)    Астана қаласының энергетика кешені мен инженерлік инфрақұрылымының жағдайына күнделікті жедел бақылауды жүзеге асыру;

26)    Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Астана қаласы әкімдігінің және әкімнің энергетика және инженерлік инфрақұрылым саласына қатысты мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілері мен тапсырмаларының орындалуына бақылауды жүзеге асыру;

27)    энергетика кешенін және инженерлік инфрақұрылым қызметінің тиімділігін жоғарылатуға бағытталған Қазақстан Республикасының заңнамасын, әкімдіктің қаулыларын, Астана қаласы әкімінің шешімдері мен өкімдерін, оларды жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеуді, нормативтік құқықтық акілердің дайындалуын ұйымдастыруды орындау тәжірибесін талдау және түсіндіруді жүзеге асыру;

28)    қалалық инфрақұрылым қызметін қамтамасыз ететін Астана қаласының заңды тұлғаларының қызметін үйлестіру;

29)    мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын инженерлік желілерді салу, қайта жаңарту, жөндеу, жандандыру және қалпына келтіру кезінде тапсырыс берушінің қызметін жүзеге асыру;

30)    жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, қызметтік хат-хабарларды қарау;

31)    энергетика және инженерлік инфрақұрылым саласында заңды және жеке тұлғаларға әдістемелік, құқықтық қызмет көрсету және жұмыстарын үйлестіру;

32)    өз құзыреті шегінде Астана қаласының энергетика және инженерлік инфрақұрылым саласындағы басқа мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру;

33)    әкімдіктің қаулысы негізінде мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындарға қатысты мемлекеттік басқару органының функцияларын орындау;

34)    электр, жылу энергиясын және суды пайдақорлық мақсатта қолданғаны және заңсыз қосылғаны үшін «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 127-бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық хаттамаларын жасау;

35)    Қазақсан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге қызмет түрлері болып табылады.

  1. Өзіне жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау үшін Басқарма өз құзыреті шегінде:

1)     кәсіпорындардан, ұйымдардан және мекемелерден Басқармаға жүктелген функцияларды орындау үшін қажетті мәліметтерді, анықтамаларды, құжаттарды сұрауға және алуға;

2)     инженерлік – коммуналдық инфрақұрылымдағы нормаларды, ережелерді, қолданыстағы заңнаманы бұзған лауазымды, заңды және жеке тұлғаларды жауапкершілікке тарту үшін тиісті мемлекеттік органдарға өтініш жасауға;

3)     шағым жасауға, талап – арыз қоюға, соттарда талапкер ретінде әрекет етуге;

4)     сыртқы экономикалық байланысты жүзеге асыруға;

5)     ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметіне басшылықты жүзеге асыруға;

6)     Астана қаласы әкімдігінің қатысуымен заңды тұлғаларды құру, қайта құру, сондай – ақ тарату мәселелері бойынша ұсыныс енгізуге;

7)     Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де қызмет түрлерін жүзеге асыруға;

8)     заңнамамен белгіленген тәртіпте тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша конкурсты ұйымдастыруға және өткізуге;

9)     Астана қаласының әкімдігі мен мәслихатқа және басқа да мемлекеттік органдарға бағдарламаларды, Астана қаласының энергетика саласы және инженерлік - коммуналдық инфрақұрылымына қызмет көрсету, коммуналдық қызметтерді жеткізу, тұрғын және тұрғын емес қорды бұзу және жөндеу бойынша жұмыстарды жақсарту туралы ұсыныстар әзірлеуге және енгізуге;

10)    апатты жағдайлардың салдарын жою бойынша іс-шараларды әзірлеуге қатысуға;

11)    гендерлік және отбасылық-демографиялық саясатты іске асыруға құқылы.

 

3.       Басқарманың қызметін ұйымдастыру

 

13.  Басқарманы Астана қаласының әкімі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын бастық басқарады. 

14.  Әкімшілік мемлекеттік қызметкер болып табылатын Басқарма бастығының Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленетін тәртіппен лауазымға тағайындалатын және лауазымынан босатылатын орынбасарлары бар. 

15.  Басқарма бастығы Басқарманың жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық етеді және Басқармаға жүктелген міндеттер мен олардың өз функцияларын жүзеге асыруына, сондай-ақ қызметкерлермен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын сақтамағаны үшін жеке жауапты болады. 

 

4.       Басқарма бастығының өкілеттіктері

 

16.  Басқарма бастығы өз құзыреті шегінде және қолданыстағы заңнамаға сәйкес: 

1)   өзінің орынбасарлары мен  Басқарманың құрылымдық бөлімшелері басшыларының міндеттері мен жауапкершілік деңгейін белгілейді; 

2)   Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Басқарма қызметкерлерін лауазымға тағайындайды  және лауазымынан босатады; 

3)   Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Басқарма қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады; 

4)   өз құзыреті шегінде Басқарма қызметкерлері үшін орындауға міндетті бұйрықтар шығарады; 

5)   Басқарманың құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді келіседі; 

6)   Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Басқарма мүддесін білдіреді; 

7)   Басқарманың атынан Басқарма актілеріне және басқа да құжаттарға қол қояды; 

8)   сенімхаттар береді; 

9)   өзінің құзыретіне қарайтын басқа мәселелер бойынша шешім қабылдайды. 

17.  Өз құзыретіне жататын мәселелер жөніндегі белгіленген тәртіпте қабылданған Басқарманың шешімдері барлық ведомстволық бағынысты ұйымдар орындауға міндетті болып табылады. 

18.  Шешім бастықпен немесе оны алмастыратын тұлға қол қоятын бұйрықтармен рәсімделеді. 

19. Басқарма Бастығының орынбасары:

1)    Өзінің құзыреті шегінде  Басқарма қызметін үйлестіреді;

2)    Басқарма бастығы жоқ болған мерзімде Басқарма қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Басқармаға жүктелген   мақсаттар  мен функциялардың орындауына дербес жауапты;

3)    Басқарма бастығы жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

20. Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Басқарманың атынан басқа мемлекеттік органның  құрылымдық бөлімшелеріне жіберілетін құжаттар  Басқарма бастығымен, ал ол болмаған жағдайда оның міндетін атқарушымен қол қойылады.

21. Басқарма мына жұмыс күнінің ұзақтығын белгілеген: 40 сағаттық жұмыс аптасында – 8 сағаттан 5 күн (жұмыс күнінің басталуы – сағат 9:00–де және жұмыс күнінің аяқталуы – сағат 18:00-де,  түскі үзіліс уақыты 13:00-ден 14:00- ге дейін).

 

5.       Басқарманың мүлкін қалыптастыру

тәртібі және оны қаржыландыру

 

22.  Басқарманың мүлкі коммуналдық меншік болып табылады және оны жедел басқару құқығында тиесілі. 

23.  Басқарманы қаржыландыру Астана қаласы бюджетінің қаражаты есебінен жүзеге асырылады. 

24.  Басқарма қызметкерлерінің штат саны лимитін, сондай-ақ Басқарманың бір қызметкеріне шығындар лимиті қала әкімдігімен бекітіледі.

 

6.       Басқарманың жауапкершілігі

 

25.  Басқарма өз міндеттемелері бойынша оның иелігіндегі  қаражаттары және мүлкімен жауап береді. 

26.  Басқарма жасайтын азаматтық – құқықтық мәмілелер Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіппен тіркеуге жатады.

 

7.       Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату

 

27.  Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

28.  Қайта ұйымдастыру Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнама мен көзделген қосу, біріктіру, бөлу, бөліп шығару, қайта құру және басқа да нысанында жүргізілуі мүмкін.

29.  Біріктіру нысанындағы қайта құру жағдайын  қоспағанда жаңадан құрылған ұйым  мемлекеттік тіркеуден  өткеннен соң Басқарма қайта ұйымдастырылды деп есептеледі.

30.  Басқарманы оған басқа ұйымды қосу нысанында қайта ұйымдастыру кезінде Басқарма қосылған ұйымның қызметін тоқтату туралы жазбаны заңды тұлғалардың мемлекеттік тізілімдемесіне енгізген соң қайта құрылды деп есептелінеді.

31.  Басқарманы тарату туралы шешім қабылдаған жағдайда әкімдік  бұл туралы заңды тұлғаны тіркеуді жүзеге асыратын әділет органына дереу жазбаша түрде хабарлауға, тарату комиссиясын тағайындауға және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Басқарманы таратудың тәртібі мен мерзімін белгілеуге міндетті.

32.  Тарату комиссиясы құрылған кезден бастап Басқарманың мүлікін және істерін басқару жөніндегі өкілеттілік соған ауысады. Тарату комиссиясы Басқарманың атынан сотта әрекет етеді.

33.  Басқарманы таратқаннан соң несие берушілердің талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлікті әкімдік бөледі.

34.  Заңды тұлғалардың мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба жазылғаннан кейін Басқарманың таратылуы аяқталды, ал Басқарманың жұмыс қызметі тоқтатылды деп есептеледі.

 

_________________________________