Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы заңы

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы заңы

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы N 221 Заңы 

МАЗМҰНЫ 

Осы Заң жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн iске асыру және қорғау

 мақсатында  

олардың өтiнiштерiн беру мен қарауға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейдi.

 

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

1) арыз — адамның өз құқықтары мен бостандықтарын немесе басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын

iске асыруда  

жәрдем көрсету туралы өтiнiшхаты не заңдардың және өзге-де нормативтiк құқықтық актiлердiң 

 

 

бұзылуы, өтiнiштердi қарайтын 

субъектiлердiң, лауазымды тұлғалардың жұмысындағы кемшiлiктер туралы

 

 

хабарлама не олардың қызметiн сынау;

 

2) иесi бүркемеленген өтiнiш — ол бойынша авторын белгiлеу мүмкiн емес, қолтаңбасы, оның iшiнде электрондық 

цифрлық  

қолтаңбасы, арыз берушiнiң почталық мекен-жайы жоқ өтiнiш;

 

3) қайта жасалған өтiнiш — бiр тұлғадан бiр мәселе бойынша кемiнде екi рет келiп түскен:

осының алдындағы өтiнiш бойынша қабылданған шешiмге шағым жасалған;

егер бұрын жiберiлген өтiнiш келiп түскен уақыттан бастап белгiленген қарау мерзiмi өтiп кетсе, алайда арыз берушi

жауап алмаған  

болса, оның уақтылы қаралмағаны туралы хабарланған;

 

осының алдындағы өтiнiштi қарау және ол бойынша шешiм қабылдау кезiнде жiберiлген басқа да кемшiлiктер 

көрсетiлген өтiнiш;


ШАЙҚАУ